Антибиотиктерді саналы таңдау – болашақты қорғау

Қандай әрекет антибиотикке төзімділіктің дамуына ықпал етеді?

Антибиотиктер қазіргі медицинаның маңызды құралдарының бірі болып қала береді. Алайда микроорганизмдердің емге төзімділігінің артуы инфекциялармен тиімді күресу мүмкіндігін қауіп астына қояды. Антибиотиктердің тиімділігін тек әрқайсымыздың жауапкершілікпен қарауымыз арқылы сақтауға болады.

1. Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаңыз

Антибиотиктер бактериялық инфекцияларға қарсы тиімді, бірақ оны емдеуші дәрігер қажет деп таппайынша қолдануға болмайды. Өз бетінше емделу микроорганизмдер төзімділігінің даму қаупін арттырады.

2. Суық тию, тұмау және басқа вирустық инфекциялар кезінде антибиотиктерді өз бетінше қабылдамаңыз.

Тұмау (грипп), суық тию және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) басым бөлігі вирустардан туындайды, оларға антибиотиктер әсер етпейді. Антибиотиктерді негізсіз қолдану микроорганизмдердің емге төзімділігінің дамуына ықпал етеді.

3. Тағайындалған ем курсын қатаң сақтаңыз

Антибиотиктерді ұсынылған мөлшерде және тағайындалған мерзім бойы қабылдаңыз. Дәрігер тағайындаған емдеу схемасын сақтау және терапия ұзақтығын өз бетінше өзгертпеу маңызды.

4. Антибиотиктерді «кейінге» сақтап қоймаңыз

Емдеуден кейін қалған препараттарды дәрігермен кеңеспей қайта қолдануға болмайды, оларды басқа адамдарға беруге де болмайды. Әртүрлі инфекция әртүрлі емдеу тәсілін талап етеді.

5. Инфекциялардың алдын алыңыз

Қол гигиенасы, вакцинация, тағамды қауіпсіз дайындау және профилактика жөніндегі ұсыныстарды сақтау инфекция қаупін төмендетуге әрі антибиотик қолдану қажеттілігін азайтуға көмектеседі.

6. Төзімділік бәріне қатысты екенін ұмытпаңыз

Бактериялар адамдар мен жануарлар арасында және қоршаған орта арқылы тарай алады. Сондықтан антибиотиктердің тиімділігін сақтау науқастардың, медицина қызметкерлерінің, ветеринарлардың және жалпы қоғамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. «Біртұтас денсаулық» (One Health) тұжырымдамасы дәл осы тәсілге негізделген.

Бұл әрекеттердің қайсысы – антибиотиктерді жауапкершілікпен қолдану?

Антибиотиктердің күшін бірге сақтайық

Бүгінгі әрбір жауапты таңдау антибиотиктердің тиімділігін келешек ұрпақ үшін сақтауға және ертең инфекцияларды бүгінгідей сәтті емдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Тағы оқыңыз

01

Бүгін антибиотиктің тиімділігін сақтасақ, ертең төзімділікті жеңеміз

Мақаланы оқу

03

Қорғаныстың үш деңгейі: дәрігерлер антибиотиктерді қалай таңдайды

Мақаланы оқу

04

Күшін жоғалтуы мүмкін дәрілер: мәселені неліктен елемеуге болмайды

Мақаланы оқу